"QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) президенті Чжоу Синьхуаймен ҚХР-да кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар "Северный 1" учаскесіндегі бірлескен жобаның келесі кезеңіне көшу жұмысы басталғанын жариялады. 

QazaqGaz және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ әзірлеу жобасы бекітілгенге және өнеркәсіптік пайдалануға көшкенге дейін барлау кезеңін қаржыландыру туралы және "Северный 1" учаскесіндегі бірлескен қызмет туралы келісім жасасты. Қол қойылған құжаттар геологиялық барлау жұмыстарының басталуына жол ашады. 

"Северный 1" жобасы-газдың ресурстық базасын кеңейтудегі маңызды қадам. Жаңа келісімдерге қол қою жұмыстың практикалық кезеңіне жедел өтуге және озық технологияларды геологиялық барлауға біріктіруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті QazaqGaz басшысы.