Мемлекеттік кәсіпорындардың нәтижелілігінен мемлекеттің экономикалық саясатының табысы тәуелді болады деп есептейді "MLS-Group" ЖШС. Компания талдамашылары 2017 жылғы таза табыс бойынша ұлттық компаниялар рейтингін жасады. Шолуға қазақстан экономикасының 8 анағұрлым көзге түскен өкілдері алынды.
Қазақстанда акционерлік қоғам, оның ішінде квазимемлекеттік сектор компаниялары қорытындылар шығаруды аяқтауда және 2017 жылғы қызметі туралы жылдық есептерін жариялауда. Барлық келтірілген деректер ашық ақпарат көздерінен алынды.
Шығарылған қорытындыларға қарағанда өткен жылы отандық бизнес өкілдерінің көпшілігі кірістер сол сияқты экономикалық жетістіктерде елеулі серпінге қол жеткізе алмады. Олардың көпшілігінің рейтингі төмен болды. Қаржылық талдамашылар бұған бұрынғыша әлемдік теріс қаржылық процестер және нарықтың жалғастырылушы құбылмалылығы әсер етуді деп есептейді. Бірақ сонда да компаниялардың өзі үшін де сондай-ақ акционерлер үшін де елеулі пайда алған рейтинг көшбасшылары айқындалды.
Шолуға қазақстан экономикасының 9 анағұрлым көзге түскен өкілдері алынды, әрі компаниялар шикізаттық, қаржылық және қаржылық емес секторды таныта отырып түрлі салаларда жұмыс жасайды. Шикізаттық секторда анағұрлым табысты «ҚазМұнайГаз» АҚ Ұлттық компаниясы болып табылады. Ұсынылған есепке сәйкес өткен жылы компанияның таза табысы (еншілес кәсіпорындарды есепке алумен) 519 млрд. 526 млн теңгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда (360 млрд. 171 млн теңге) 1,5 есе көп. Өткен жылы қара алтынға баға тұрақтандырылды, бұл ҚМГ менеджерлеріне тиімді болды. Бірақ табыстың ұлғаюы бойынша негізгі рөлді еншілес компаниялар атқарды.
Осы секторда көшбасшылық ұстанымды «ҚазТрансГаз» АҚ өткен жылға - 74 млрд. 523 млн теңге. таза табыспен иеленді. Ұлттық газ компаниясы соңғы жылдары тиімді стратегиялық басқаруды көрсетуде, мұны 2017 жылы отандық газ үшін Қытайға жаңа экспорттық бағытты ашуы куәландырады. Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз» АҚ есебінде компания ішкі нарыққа көгілдір отынды өзіндік құнынан төмен бағада жеткізетіндігі көрсетілген. Тек соңғы үш жылдың өзінде ғана газ операторының басқа да табыс көздері есебінен қазақстандық тұтынушыларға дотациялар 168 млрд. теңгені құрады.
Одан әрі рейтингте «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингіне кіретін өнеркәсіптік компания, қатты пайдалы қазбаларды өндіру мен байытуға мамандандырылған «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК АҚ. Өткен жылы ол кірісті ұлғайтты және 2016 жылғы 37 млрд. 400 млн теңгемен салыстырғанда 56 млрд. 600 млн теңге жақсы табыс әкелді.Компанияның негізгі кірісін әзірше әлемдегі тұрақты және орнықты кепілдіктегі валюта болып қалып отырған алтын әкелді. Келесі ұстаным «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнай тасымалдаумен айналысатын еншілес компаниясында. «ҚазТрансОйл» АҚ 2017 жылы 50 млрд. 117 млн теңге мөлшерінде таза табыс алды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 12,6%-ға асады.
Тағы бір монополист пайдасын төмендетті, бірақ ол ақпараттық-коммуникациялық қызметтер саласындағы – «Қазақтелеком» АҚ. Компанияның өткен жылдың 9 айындағы кірісі 32 млрд. 337 млн.теңгені құрайды. Бәрінен бұрын, жылдық есепте қорытынды сома 2016 жылғы нәтижеден аса қоймас, компания ол кезде 63 млрд 779 млн теңге тапқан болатын.
Шолуға қазақстан экономикасының 9 анағұрлым көзге түскен өкілдері алынды, әрі компаниялар шикізаттық, қаржылық және қаржылық емес секторды таныта отырып түрлі салаларда жұмыс жасайды.
Кірісі 2016 жылмен салыстырғанда елеулі төмендеген елдің көлік және логистика инфрақұрылымдық өкілі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Компания жыл бойғы толық есебін жарияламады, бірақ 9 айдың қорытындысы бойынша темір жол тасымалдаушысы 23 млрд. 506 млн теңге мөлшерінде пайда тапты және бұл сома алдыңғы жылдың қорытындысынана аса қоймас, ол кезде компания 41 млрд. теңге таба алды.
Электр энергетикасы саласында, бәсекелестері жоқ табиғи монополист «KEGOC» АҚ өткен жылдың алты айы бойынша 17 млрд. 758 млн теңге таза пайда алған және осы деректер бойынша жылдық нәтиже 2016 жылғы кірістен айтарлықтай аса қоймас, ол 27 млрд. 590 млн теңгені құраған.
Авиатасымалдаулар саласындағы пайда болған бәсекелестікке қарамастан осы бағыттағы күмәнсіз көшбасшы «Эйр Астана» АҚ болып отыр. Компания әлі 2017 жылға қаржылық есептілігін жариялаған жоқ, бірақ 9 айдың қорытындысы бойынша компанияның пайдасы 10 млрд 750 млн теңгені құрады. 2016 жылы компанияның табысы 6 млрд 494 млн теңгені құраған. Тасымалдаушыға Қазақстанның астанасы Астанада өткен ЭКСПО бүкіләлемдік көрмесі, елге туристер ағынын және тиісінше авиарейстер санын елеулі ұлғайта отырып жақсы көмектесті.
Ақпарат көзі: www.zakon.kz