Тараптар отын-энергетика секторындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, бұл жер қойнауын пайдалану, мұнай және газ, электр энергетикасы салаларына қатысты болды. 

Кездесуге Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, "Самұрық – Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев, "ҚазТрансГаз" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Шәріпбаев және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов қатысты.

Кездесу барысында газ саласындағы ынтымақтастыққа баса көңіл бөлінді. Әңгіме барысында Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға, еліміздің аумағы арқылы табиғи газ транзитіне ресейлік компаниялардың қатысуы туралы мәселелер қаралды.

Екі елдің энергетикалық қатынастарындағы дамудың басым бағыттарының бірі мұнай-газ-химиясы болып отыр. Александр Новактың айтуынша, газ-химия өндірісінің өсуі және СТГ-инфрақұрылымының тиісті түрде өсуі екі елдің сауда айналымына оң әсерін тигізеді.

Кездесу барысында Александр Новак отын-энергетика саласындағы ресей-қазақстан өзара іс-қимылы әріптестік принциптеріне негізделгенін және екіжақты және көпжақты форматта тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы стратегиялық өзара іс-қимыл жасаудың барлық бағыттары бойынша одан әрі сындарлы келіссөздерге дайын екендіктерін растады.