Корей және неміс компанияларымен әріптесе отырып, құрылысы салынып жатқан жобаның бас мердігері «Строй Контракт» корпорациясы болып табылады.
Бас мердігердің өкілі Қайрат Шәріпбаевты объектіні салу барысымен таныстырды.
Жекпе-жек сарайы ғимараты кешенінің үшбұрышты бірегей нысаны Қазақстанның еркіндігі мен күш-қуатының белгісі ретінде көрнекі түрде самғап ұшқан бүркіт пішінін білдіреді және Қазақстан елордасының «Астана Арена» спорт кешені, «Алау» мұз айдыны, «Сарыарқа» велотрегі және Елбасы Н.Ә.Назарбаев жақында ашқан Мұз сарайы сияқты спорт құрылыстарының кешеніне кіреді.
Кешеннің орталығында спорттың барлық түрлері: жекпе-жек, бокс, күрес, дзюдо, ауыр және жеңіл атлетика бойынша халықаралық жарыстар өткізуге арналатын көпфункциялы аренасы бар 5 мың орындық әмбебап спортзал орналасатын болады. Мұнда сондай-ақ, төрешілер алқасына арналған аймақ, комментаторлық кабинкалар және арнайы VIP аймақтар және т.б. болады.
Аталған кешенде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін спортшылар жаттығатын болады деп ұйғарылып отыр. Барлық жастағы әуесқойлар үшін Сарай жанында әртүрлі секциялар жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, 40 бөлмелі қонақ үй және өзіне 25 метрлік бассейнді, SPA , жаттығу залы бар фитнес-орталықты құрайтын сауықтыру-спорт блогын салу жоспарланған.
Барлық спортзалдар мен алаңдар спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін болады. Ғимаратты салу кезінде ең заманауи энергиялық тиімді жылыту, желдету, кондиционерлеу және үй-жайға жарық беру жүйелерін көздейтін инновациялық инженерлік шешімдер қолданылатын болады.
Жұмыстарды түпкілікті орындау мерзімі және объектіні пайдалануға беру 2016 жылғы желтоқсанға белгіленіп отыр.