Кездесудің басты тақырыбы 2015 ж. бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебі болды. Бұдан басқа, Қайрат Шәріпбаев аталған кезеңдегі соңғы түйінді оқиғалар туралы ақпаратты жеткізіп, еңбек ұжымдары өкілдерімен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Тұтас алғанда, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2015 ж. бірінші жартыжылдығындағы жұмысы оңынан бағаланды. Кездесу кезінде атап өтілгендей, компанияны дамытудың жағымды серпіні сақталуда, жоспарланған өндірістік нәтижелер орындалуда. Мәселен, «ҚазТрансГаз» АҚ іске асырып отырған серпінді жоба - «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырында «Бейнеу – Бозой» уческесін салу соңғы мәресіне жетті.
Бұдан басқа, ресурстық базаны кеңейту жөніндегі үлкен жұмыс жалғасуда. Батыс Сұлтанқұдық, Амангелді тобының газ кен орнында табиғи газдың едәуір жаңа қорлары табылды.
Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан алынатын метанды пайдалану жөніндегі жобаның перспективалары өте жақсы. Бұрғыланған ұңғымалардан газдың алғашқы түсімі алынды.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Қоғамның бекітілген бизнес-жоспарына сәйкес әлеуметтік тұрғыда үлкен жұмыс жүргізілді. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде корпоративтік рухты нығайту, дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында 2015 жылғы 16-17 сәуірде Астана қаласында компаниялар тобының қызметкерлері арасында Спартакиада өткізілді. Бас директор Спартакиадада алғаш рет Қоғамның бөлімшелері жұмыс істейтін бір өңірде орналасқан ЕТҰ қызметкерлерінен командалар - «Астана», «Алматы», «Батыс», «Оңтүстік» командалары құрылғанын атап өтті.
«ҚазТрансГаз» АҚ-да бүгінгі таңда басшылық пен қызметкерлер арасында өзара іс-қимыл жүйесі айқын жолға қойылғаны, бұл компанияның жұмыс тиімділігін барынша арттыратыны атап өтілді.
Кездесу қорытындылары бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры Қайрат Шәріпбаев қол жеткен нәтижелерді бекітіп қана қоймай, алға қойылған барлық мақсаттарды орындау үшін жұмысты одан әрі жалғастыру қажет екендігін атап өтті.