«ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі Аида Асқарова "мемлекеттік қызметтің экономика саласындағы көп жылғы еңбегі үшін" ҚР Ұлттық экономика министирі Ерболат Досаевтан алғыс алды.

Өзінің көпжылғы еңбегі мен тәжірибесі арқасында еліміздің экономикасының дамуына үлкен үлес қосты.

Монополға қарсы ведомствада жұмысы кезінде өзінің кәсіби біліктілігі арқасында көптеген білікті мамандарды тәрбиелеп шығарды. Әріптестері арасында ерекше құрметке ие болды.

«ҚазТрансГаз» АҚ басшылығы мен ұжымы Аида Генадийқызын құттықтай отырып, оған зор денсаулық, отбасына аманшылық, жаңа белестерді бағындыруды тілейді!