Алматыда "QazaqGaz" ҰК" АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің басқарушылық кадрлық резервін қалыптастыруға және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған "QazaqGaz көшбасшылар пулы" корпоративтік бағдарламасының алғашқы оқыту модулі өтті.

Оқыту барысында қатысушылар жобалық басқару, стратегиялық ойлау және топтық жұмыс дағдыларын дамыту, бизнес-процестерді жетілдіру және жаңа бастамаларды енгізуге бағытталған топтық жобаларды әзірлеуге кірісті.

Алда қатысушылар Ақтау мен Шымкентте бағдарламаның келесі модульдеріне қатысады. Соңғы кезең қазан айында өтеді. Қатысушылар компания басшылығы алдында жобаларды қорғайды. Қазірдің өзінде ұсынылған бастамалардың ішінде практикалық іске асыру үшін перспективалы пилоттық шешімдер бар.

"QazaqGaz көшбасшылар пулы" бағдарламасы компанияның кадрлық әлеуетін дамыту, қызметкерлердің көшбасшылық құзыреттерін нығайту және компаниялар тобы үшін болашақ басшыларды даярлау бойынша жүйелі жұмыстың бөлігі болып табылады.