Франция-Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп палатасының бастамасы және қолдауымен QazaqGaz-да француз компаниялары делегациясымен кездесу өтті. 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, француз компаниялары мен QazaqGaz компаниялар тобы арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту талқыланды.  

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын қарастырды. Тәжірибе алмасу және заманауи технологияларды енгізу жолдарын анықтады.