“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Chevron корпорациясының Upstream бойынша Президенті Клэй Неффпен кездесті.
Chevron басшылығы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзекті жобалардың барысы туралы ақпарат ұсынып, олардың энергетика саласының дамуында маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Кездесу барысында тараптар жаһандық энергетикалық трендтер, геологиялық барлау, энергетикалық қауіпсіздік, технологиялық даму мен энергетика нарығының трансформациясы туралы пікір алмасты.
Серіктестер конструктивті диалогтың жалғасуына, мұнай-газ саласының дамуына бағытталған серіктестіктің нығаюына қызығушылық танытты.