Комплаенс қызметінің басшылары және "QazaqGaz "ҰК" АҚ компаниялар тобының комплаенс-офицерлері 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысты қорытындылап, одан әрі жұмыс істеу үшін басымдықтарды айқындады.

Кездесуде қатысушылар комплаенс-функция жұмысының нәтижелерін қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс-тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі рәсімдерді одан әрі жетілдіруді талқылады.

Сенімділікке тексеру жүргізу тәжірибесіне, ақпараттандыру арналары арқылы келіп түскен өтініштерді қарауға, сондай-ақ комплаенс-процестерді цифрландыру мен автоматтандыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар QazaqGaz компаниялар тобында комплаенс-функцияны одан әрі дамытудың бірыңғай тәсілдерін келісіп, 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыстың негізгі бағыттарын анықтады.