"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Абзал Қисметов "Интергаз Орталық Азия" АҚ "Атырау" МГҚБ және "QazaqGaz Aimaq" АҚ Атырау өндірістік филиалы басшылығының қатысуымен 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Қатысушылар инвестициялық бағдарламаның іске асырылу барысын, өндірістік объектілерді жылыту маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ автокөлік техникасын пайдалану мәселелерін қарастырды.
Бүгінгі таңда күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспардың орындалуы 58% құрайды. Газ тарату инфрақұрылымын жаңғырту және жабдықты жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Кеңес қорытындысы бойынша барлық жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ газбен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өндірістік жұмыстарды іске асыруды жеделдету тапсырылды.
Жұмыс сапары аясында Абзал Қисметов Ширина кентіндегі өндірістік базаға барып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.