“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Shell компаниясының барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Питер Костелло және Қазақстандағы Shell концернінің төрағасы Сюзан Куганмен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірлескен жобалардың перспективасы туралы сөйлесті.
Талқылау барысында Shell компаниясының Қазақстандағы қызметі, сондай-ақ көмірсутектерді барлау мен өндірудегі негізгі басымдықтар туралы айтылды. Әріптестікті одан әрі нығайтуға және озық технологиялар мен тұрақты даму мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлінді.
Тараптар еліміздің газ саласын дамыту үшін әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.