“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Eni S.p.A. Жаһандық табиғи ресурстарды барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньяти және Eni Қазақстан төрағасы және басқарушы директоры Сегер Хойтингпен кездесу өткізді. Кездесу жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысы және қызметтің ағымдағы бағыттары туралы өзекті ақпаратпен алмасуға мүмкіндік берді.
Тараптар ашық диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады.