«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да байқау қызметкерлердің апатсыз, өнімділігі жоғары жұмысты және газ тасымалдау жүйесінің жоғары техникалық сенімділігін қамтамасыз етуге қызығушылығын күшейту, жұмысшы мамандығының беделін арттыру мақсатында, екі кезеңде 15 мамандық бойынша өткізіледі.

Бірінші кезең - Жамбыл облысындағы «Ақыртөбе» жерасты газ сақтау қоймасының базасында 4 мамандық бойынша өтеді: «Мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор», «Бұрғылаушы», «Бұрғылаушының көмекшісі», «Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор». Екінші кезең – 11 мамандық бойынша ағымдағы жылдың маусым айында Қызылорда облысындағы жаңа «Қараөзек» компрессорлық станциясында өтпек.

Байқауға қатысушылар өндірістік мәселелердің теория мен практика бойынша, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтау саласындағы білімдерімен бақ сынасады.

Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша мынадай аталымдардағы жеңімпаздар анықталды:

«Мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор»:

  • 1-ші орын - Құдрет Шерметов МГҚБ "Шымкент"
  • 2-ші орын - Жеңіс Жусупов МГҚБ "Ақтөбе"
  • 3-ші орын - Ернұр Мандирбаев МГҚБ "Тараз"

«Бұрғылаушы»:

  • 1-ші орын- Қанат Нұртаев МГҚБ "Ақтөбе"
  • 2-ші орын - Қасымбек Сәрсембаев МГҚБ "Тараз"
  • 3-ші орын - Айбек Ниязов МГҚБ "Ақтөбе"

«Бұрғылаушының көмекшісі»: 

  • 1-ші орын - Малик Молдатаев МГҚБ "Тараз"
  • 2-ші орын - Әділ Қожахметов МГҚБ "Тараз"
  • 3-ші орын - Ербол Мырзабеков МГҚБ "Шымкент"

«Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор»:

  • 1-ші орын - Тимур Аязбаев МГҚБ "Тараз"
  • 2-ші орын - Қанат Бисембаев МГҚБ "Ақтөбе"
  • 3-ші орын - Айдар Хаирбеков МГҚБ "Тараз"

Компания қызметкерлерінің кәсіби одағының төрағасы Шалқар Маженаков жеңімпаздарды құттықтай келе, «Үздік маман» байқауы кәсіби шеберлікті шыңдауда, негізгі қызметкерлерді анықтауда және жұмыс орындарында өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ендіруде маңызды элемент болып табылатынын атап өтті.

«Үздік маман» байқауын өткізу жұмысшы мамандықтарына оқыту және жұмысқа орналастыру үшін жастарды тартуға ықпал етеді. Бұл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланған биылғы жылы екі есе өзекті болып отыр, өйткені мұндай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының болашағы бар екенін дәлелдейді» – деді Шалқар Маженаков.

«Үздік маман» байқауында жүлделі орынға ие болғандарға жоғары кәсіби шеберлігі үшін үстеме ақы белгіленетін болады.

«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газды және оның өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. 

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі. 

Тел: +7(7172) 55 23 16