«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасымен келісе отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Шәріпбаев Қайрат Қаматайұлы тағайындалды. Сонымен қатар ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары қызметін де қоса атқарып отыр.
Белгілі мемлекет қайраткері Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтың мемлекеттік құрылымдарда басшылық тәжірибесі мол.
1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Ренспубликасы Парламент Сенатының депутаты болып сайланды.
1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, 1997-2003 жылдары Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі болды.
2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2009 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, кейін Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
2016 жылдың маусымы мен 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.
2018 жылы «Цесна» Корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар, Қазақстан футбол Федерациясының Президенті қызметтерін атқарады.
Шәріпбаев Қайрат Қаматайұлы 2001 жылдан бері газ саласында қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі жетекші. 2009-2014 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма басшысы) қызметін атқарды.
2014 жылы газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма басшысы) қызметіне тағайындалды. 2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2016 жылдың тамызынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті. 2018 жылдың маусымынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары ретінде «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының барлық жұмысын қадағалап келеді.