Меморандум шеңберінде Тараптар көмір қыртыстарынан метан барлау және өндіру саласында, атап айтқанда жобалар әзірлеу, лизингке жабдықтар беру немесе жабдықтарды тараптардың бірлесіп пайдалануы бойынша ынтымақтастық жасасатын болады. Құжат геологиялық зерттеулерден бастап, өндірістік қызмет нәтижелерін коммерциялық қолданумен аяқтай отырып, аса тиімді технологияларды құруды көздейді. Жобаның мақсатына қол жеткізу үшін тараптар ақпаратпен алмаса алады, бірлескен кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар құра алады, сондай-ақ көмір қыртыстарынан метан барлау және өндіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға мүмкіндік алады.

Осы бағыт көмірсутек шикізатын өндіру саласында инновациялық болып табылады, сондай-ақ дәстүрлі энергия тасушының бірі ретінде табылады, оның болжамды қорларын отынның баламалы копоненті – Қазақстан Республикасының энергетикалық базасы ретінде қарауға мүмкіндік береді. Осы мәселені зерделеу маңызды әрі бұдан былай Қазақстан Республикасының орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру үшін баламалы нұсқасының бірі ретінде ықпал ететін болады.

"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнайгаз саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және газды барлау, өндіру, тасымалдау және бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. "ҚазТрансГаз" АҚ-ның – газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың Қазақстан Республикасының өңірлерін газдандыруға қатысуда табысты тәжірибесі бар, кадрлық, техникалық, технологиялық және қаржылық-экономикалық әлеуеті де бар. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«Газпром добыча Кузнецк» ААҚ «Газпром» ЖШҚ-ның 100% еншілес компаниясы болып табылады. Компания қызметінің негізгі түрі көмір қыртыстарынан метан және басқа да көмірсутектерін іздестіру, барлау және өндіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізу, ғылыми-техникалық өнім шығару болып табылады.

"ҚазТрансГаз" АҚ-ның 

Баспасөз қызметі

 +77172 552316

{vsig}19.02{/vsig}