Серік Естай – 1967 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Газ саласында 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның маманы лауазымынан бастап «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының орынбасары лауазымына дейін қызмет атқарған. 2007 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Бас директоры болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар 2015 жылғы 17 ақпанда «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Басқарма төрағасы (бас директоры) лауазымына бұрын «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Еркен Зәріпұлы Қасеев тағайындалды.

Еркен Зәріпұлы Қасеев – 1967 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Газ саласында көп жылғы еңбек тәжірибесі бар, әртүрлі жылдары басшы қызметін атқарған.

2002 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нда басшы – бас директордың маркетинг және коммерция жөніндегі орынбасары, бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары, бас директордың м.а. қызметтерін атқарған. Бір мезгілде 2003 жылы «Өңірлік газ тасымалдау жүйесі» АҚ бас директорының лауазымына тағайындалған болатын. 2008-2009 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі болды. 2009 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014 жылғы қараша айынан бастап, осы уақытқа дейін «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

«Құрмет» орденімен наградталған. 

"ҚазТрансГаз" АҚ-ның Баспасөз қызметі

Тел: +77172 552316