Бұдан басқа, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексте Үкімет ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекітті. Осы құжатқа сәйкес ҚазТрансГазға газ және газ конденсатты кен орындарында барлау және өндіру бойынша басым құқық берілді.

Осыдан кейін S&P халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» АҚ газ құбырлары желісі ұлттық операторының «ВВ» деңгейіндегі кредиттік рейтингін растады. Рейтинг бойынша болжам «жағымсыз» дегеннен «позитивті» дегенге өзгертілді.

Осы жылғы 9 қарашада ҚазТрансГаздың 100% акциясын ҚазМұнайГаз меншігінен «Самұрық-Қазына» қорының бақылауына ауыстыру бойынша мәміле аяқталғанын естеріңізге сала кетейік.

S&P агенттігі сарапшыларының пікірі бойынша ҚазТрансГаздың «орташа жоғары»е рекше мемлекеттік қолдау алу ықтималдығы  бар және бұдан былай ҚазМұнайГаз рейтингінде газ компаниясының көрсеткіштері мен борыштық жүктемесіне байланысты тәуекелдер ескерілмейді.

Талдаушылардың пікірі Қазақстан Үкіметі үшін ҚазТрансГаздың маңызды рөлі қызмет көрсету өңірлеріне газды монополиялық жеткізуші ретіндегі компанияның жоғары стратегиялық маңыздылығына және газ құбырлары жүйесінің ұлттық операторы мәртебесіне негізделген.

Бұдан басқа, ҚазТрансГаз компаниясының көрсеткіштеріне Ұлттық компания деген алынған мәртебесі де оң әсер етеді. Агенттік Үкіметпен берік байланыстарды да ескереді, өйткені компания 100% «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына тиесілі. Сондай-ақ, S&P сарапшылары Үкімет үшін ҚазТрансГаздың рөлі компанияның газ секторындағы өкілеттіктерінің кеңеюіне қарай өсетінін ескереді.

Рейтингтік агенттіктің хабарлауынша, ҚазТрансГаз өзінің ұлттық газ компаниясы мәртебесі шеңберіндегі өкілеттіктерінің кеңеюі процесінде, бұл елдегі газ кен орындарын игеруге қол жеткізудің басым құқықтарын алудан бастап, тасымалдауды жүзеге асыруға, өңірдегі газ инфрақұрылымын жаңғыртуға және Қазақстан қалаларын газдандыру жөніндегі бастамаларды іске асыруға дейінгі барлық саланың жұмыс істеуіне жауап береді дегенді білдіреді.

«Біз 2022-2023 жылдары ҚТГ-ның кредит қабілеттілігінің сипаттамалары компанияның ағымдағы рейтингіне және өзінің кредит қабілеттілігінің сипаттамаларын (stand-alone credit profile — SACP) «bbә деңгейінде бағалауға сәйкес келеді деп пайымдаймыз. Атап айтқанда, «FFO / қарыз» қатынасы күрделі шығыстардың ұлғаюына қарамастан шамамен 25-30% құрайтын болады. Біз EBITDA-ның 2021 жыл бойынша жоғары көрсеткішін күтеміз (шамамен 300-310 млрд теңге), бірақ бұл жекелеген факторлардың әсерінен кейінгі кезеңдер үшін репрезентативті емес», - деп айтылған агенттіктің хабарламасында.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі Тел: +7(7172) 55 23 16