13 қыркүйекте «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС және «Қазмортрансфлот»ҰТКҚК» ЖШС кемелерде сығымдалған табиғи газды пайдалану туралы келісімге келді. Қол қою рәсіміне ҚТГӨ бас директоры Құлқыбаев Ернар Ғабдулұлы және ҚМТФ бас директоры Оржанов Айдар Есенжанұлы қатысты. Ынтымақтастық туралы келісім аясында ҚМТФ-ты балама отынға көшіру қарастырылған. Жекелей алсақ, сығымдалған табиғи газды кемелерде газ моторлы отын ретінде пайдалану көзделіп отыр.
Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) талаптарына сәйкес, алдағы жылдары кемелер теңіз отынының жануы кезінде түзілетін күкірт оксидтерінің шығарындыларын азайтуы қажет, бұл теңіз көлігінің қоршаған ортаға кері әсерін азайтады. Бұл қадам атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын айтарлықтай төмендетеді. Париж келісімі бойынша Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолында шығарындыларды кемітуге міндеттеме алды
Көлік компаниясы үшін табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалану, қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады. Жану өнімдеріндегі қатты бөлшектердің мөлшерін азайту арқылы шығын материалдарын және майларды қысқартады. Сығымдалған табиғи газ дәстүрлі отынға қарағанда екі есе арзан.
ҚазТрансГаз Өнімдері 2023 жылдан бастап сығымдалған табиғи газ өндірісін қолға алмақ. Тиісінше, теңіз, жол, теміржол және арнайы техникалар метандағы газ моторлы отынмен қамтамасыз етіледі. Мұндай шешім мұнай моторлы отын өндірісіндегі ауыртпалықты жеңілдетуге мүмкіндік береді.