Ақпаратқа сәйкес, Меморандум Астана қаласын, Қарағанды облысы мен елдің солтүстік өңірлерін газбен жабдықтау қажеттілігі туралы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қабылданды.

Тараптар, атап айтқанда, рұқсат құжаттарын алуда және өңірдің қажетті инфрақұрылымын іске қосуда, сондай-ақ Қарағанды облысының халқы мен кәсіпорындарының табиғи газды әлеуетті пайдалануы туралы ақпаратты ұсынуда әкімдік ұлттық операторға көмек көрсетеді деп келісті. Құжатта ресурстық база расталған жағдайда «ҚазТрансГаз» АҚ өңірдің елді мекендерін газбен жабдықтаудың жоспарын әзірлейді және Қарағанды көмір бассейнінде осы бағытта жұмыс істеп жатқан басқа серіктестіктермен көмір метанды шығару технологиясымен бөліседі делінген.

С.Сұлтанғали атап өткендей, Қазақстанда көмір кен орындарында метанның айтарлықтай әлеуетті ресерстары бар және осы газдың ресурстары бойынша әлемнің үздік он еліне енеді.

«Дәстүрлі емес көмір метан газының мүмкін геологиялық қорлары 1,66 трлн. текше метрді құрайды, бұны ҚР дәстүрлі газдың геологиялық қорларымен салыстыруға болады. Ал Қарағанды бассейні ТМД көмір бассейндерінің ішінде бойында табиғи газы бар бассейн болып табылады», — деді «ҚазТрансГаздың» басшысы.

Сонымен бірге, С.Сұлтанғали көмір метанды өндіру – Қазақстанның газ саласы үшін жаңа бағыт болып табыфлады және бұл сұрақты әлемнің үздік компаниялары мен ғылыми-зерттеу институттары терең зерттегеннен кейін ғана оның болашағы туралы сөз қозғауға болады деп атап өтті. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге «ҚазТрансГаз» АҚ осы жылы кіріседі делінген.