"QazaqGaz” ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Асылжан Дәулетов Ақтөбе облысындағы Бозой жерасты газ қоймасына барды. Басты мақсат - инфрақұрылымның бүгінгі жағдайын қарап, еліміздегі ірі жерасты қоймасының пайдалану тиімділігін бағалау.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ жүйесіне кіретін «Бозой» жерасты газ сақтау қоймасы (ЖГСҚ) Қазақстанның стратегиялық «энергетикалық сейфі» саналады. Компания иелігіндегі үш қойманың ішіндегі ең қуаттысы ретінде «Бозой» газбен жабдықтау тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады және ең жоғары жүктеме кезеңдерінен сәтті өтуге мүмкіндік береді.
Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша нысан жоғары сенімділікті көрсетті: алынған газ көлемі 1,9 млрд текше метрді құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштердің 100% орындалуына сәйкес келеді. Тұтынудың ең жоғары кезеңдерінде қойманың өнімділігі сағатына 800 мың текше метрге жетіп, техникалық инфрақұрылымның қарқынды режимде жұмыс істеуге дайындығын растады.
Өндірістік алаңдар мен жинау пункттерін аралау барысында Асылжан Дәулетов жұмыс процестерін ұйымдастыру деңгейі мен нысанның техникалық жарақтандырылуын жоғары бағалады.
«Бозой» ЖГСҚ-ның жылыту кезеңінде өңірлердің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. «Бозой» ЖГСҚ жұмысының көрсеткіштері ұжымның кәсібилігін және инфрақұрылымның маусымға жоғары деңгейде дайын екенін көрсетеді. Мұндай қуаттылықтарды дамыту – QazaqGaz үшін басым міндет. Біз еліміздің энергиямен жабдықталу сенімділігіне кепілдік беру үшін газбен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға және кеңейтуге инвестиция салуды жалғастырамыз», – деп атап өтті Асылжан Дәулетов.