QazaqGaz Басқарма төрағасы CERAWeek аясында Shell басшылығымен кездесу өткізді
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында Shell компаниясының басшылығымен бірқатар жұмыс кездесуін өткізді.
Атап айтқанда, Shell компаниясының аға вице-президенті Сюзанн Куганмен келіссөз жүргізді.
Тараптар газ саласының өзекті мәселелерін және өзгеріп жатқан энергетикалық нарық жағдайында алдағы өзара іс-әрекеттерді талқылады.
Сонымен қатар, геологиялық барлау саласында тәжірибе алмасуға бағытталған бірлескен іс-қимыл мүмкіндіктерін қарастырды. Форум аясында өтіп жатқан келіссөздер сериясы басқа да халықаралық серіктестердің қатысуымен жалғасады деп күтілуде.