«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов CERAWeek алаңында Eni компаниясының жаһандық табиғи ресурстары бөлімшесінің барлау және өндіру бойынша директоры Лука Виньятимен кездесті.
Келіссөздер іскерлік жағдайда өтіп, халықаралық энергетикалық компаниялардың өкілдерімен ынтымақтастықты дамытуға және геологиялық барлау саласындағы тәжірибе алмасуға бағытталған бірқатар кездесулердің жалғасы болды.
Тараптар саланың өзекті мәселелерін және ынтымақтастық перспективаларын талқылады.