| Азаматтық | Қазақстан Республикасы |
| Еңбек өтілі |
Мұнай-газ саласындағы жетекші компанияларда ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған. "Мұнай-газ геологиясы" мамандығы бойынша Imperial College London оқу орнын тәмамдап, ғылым магистрі дәрежесін алған. Сондай-ақ, Атырау Мұнай және газ институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тау-кен инженері-мұнайшы біліктілігімен аяқтады. «Schlumberger Logelco» Inc., «Сәтпаев Оперейтинг» ЖШС, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС компанияларында бас директордың геология бойынша орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылғы қазаннан бастап «QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша орынбасары қызметін атқарады. |