Бүгінгі күнге дейін Алматы қаласында «ҚазТрансГаз» АҚ пен оңтүстіккореялық "Kor-Kaz CNG Investment Limited" компаниялары 4 бірдей компрессорлық станциялар салды. Алматы қаласында барлығы 5 компрессорлық станция жұмыс істейді. Олар табиғи газбен жүретін 450 жолаушылар автобусын, 33 тазалық техникасын және 500 шақты жеңіл автокөліктерге қызмет етіп, табиғи газбен қамтамасыз етеді. (Оны сұйытылған көмірсутегі газы – пропан, бутандармен шатастырмау керек). Шет елдерде мысалы, Иран, Қытай, Пәкістан, Индия және Аргентина секілді мемлекеттерде табиғи газды қалалық көліктен бөлек ауылшаруашылығы және карьерлік техникада пайдаланады. Табиғи газды моторлы отын түрінде пайдалану әлемде соңғы он жылда жеті есе өскен. Яғни бұл 2003 жылы 5,4 млрд текше метр болса, 2012 жылы 37 млрд. текше метрді құрап отыр. Елімізде де бұл бағыттағы жұмыс ілгерілеп келеді. Өйткені отынның бұл түрі дәстүрлі бензин және дизельмен салыстырғанда экологиялық жағынан таза әрі үнемді.

Сығымдалған табиғи газдың сұйытылған үйреншікті көмірсутегі газдары – пропан мен бутаннан айырмашылығы зиянды қалдықтары аз және пайдалану шығыны да аз, оған қоса қауіпсіз саналады. Сондай-ақ, сұйытылған газдар ауыр жүк көліктеріне қолданылмайды. Өйткені бір жағынан қозғалтқыштың қуатын жойса, екіншіден, суық ауа райы жағдайында кемшіліктері көп. Табиғи газды пайдалану кезінде бұндай жағдай болмайды.

2011 жылдан осы күнге дейін «Қаз ТрансГаз» АҚ автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциялары арқылы 40 млн. текше метр газ өндірілді. Бұл 32,8 мың тонна дизельді отынның орнын жаба алады. Одан басқа дизель мен бензиннің әрдайым тапшылықты жағдайы табиғи газ қолдануды жақсы балама етіп отыр. Бүгінгі күні 1 текше метр газдың құны АИ-92 бензиніне немесе дизельге қарағанда біршама арзан. Бұл табиғи газды тартымды етеді. Сондай-ақ, табиғи газдың текше метрінің шығыны бензин және дизельдің литрімен ұқсас.

Автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциялары желісін республика бойынша дамыту компанияның ағымдағы жылғы жоспарында тұр. Жекелей алғанда Ақтөбе, Қызылорда және Шымкент қалаларында компрессорлық станцияларды жоспарлау жұмыстары іске асуда, сондай-ақ, аймақтарда жергілікті атқарушы органдармен автокөліктерді табиғи газды отын ретінде пайдалануға көшіру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

{vsig}29.09{/vsig}

«ҚазТрансГаз» АҚ мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелеу үшін 2000 жылы құрылған. Газ сату қызметін және барлау, өндіру, тасымалдау, сондай-ақ, газды үлестіру бойынша активтерді корпоративті басқару қызметін атқарады. 2012 жылдың шілдесінен газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор.. 

Kor-Kaz CNG Investment Limited компаниясының негізін 2011 жылы Қазақстанда автомобильді газ толтыру компрессорлық станцияларын салу және пайдалануға беру бойынша Қазақстан-Корея біріккен жобасын жүзеге асыру үшін кореялық Kolon и Kogas-Tech компаниялары салған.

 «КазТрансГаз» АҚ

Баспасөз қызметі

8-7172-55-29-46