«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының жаңа жобалар бойынша орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына апталық инспекция жасады. Іссапар барысында Батыржан Ержанұлы жобаның қазіргі жағдайымен, құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдерімен және объектіде қолданылатын техникалық шешімдермен танысты. Ол сондай-ақ жобаның қатысушыларымен апталық өндірістік кеңеске қатысып, жұмыс кестесі мен алаңдағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 1600-ден астам адам мен 304 техника дана жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік бойынша тұрақты аудиттер мен қызметкерлер үшін оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі.
Құрылыс-монтаж жұмысы бойынша прогресс:
Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары – 42 956 м³ (жоспар 72 447 м³), прогресс 59,3%.
Металл конструкцияларының монтажы – 2 640 тонна (жоспар 19 830 тонна), прогресс 13,3%.
Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 2 911 тонна, прогресс 31,5%.
Резервуарларды монтаждау – 454 тонна (жоспар 2 705 тонна) прогресс 16,8%.
Жерасты құбырларының монтажы – 14 217 м (жоспар 56 447 м) прогресс 25,2%.
Қашағандағы ГӨЗ құрылысы кестеге сай жүруде.
Анықтама: Жоба жүзеге асырылған соң, тауарлық газдың ресурстық базасы жылына 727 млн. м3, газ моторлы отын және органикалық синтез үшін шикізат жылына 115,5 мың. тн, мұнай-химия өндірісі үшін газ композиті жылына 17 мың. тоннаға және түйіршіктелген күкірт көлемі жылына 218,5 мың. тоннаға артады деп күтілуде.