«ҚазТрансГаз» АҚ ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалы және маркетинг жөніндегі аға вице-президенті Серді Ибулла Жұмағұлұлының төрағалығымен онлайн-режимде өткен отырысқа Қазақстанның барлық өңіріндегі Ұлттық оператордың еншілес ұйымдарының және өндірістік филиалдарының еңбеккерлері қатысты. Өз баяндамасында, Ибулла Жұмағұлұлы басты саяси құжатты елдің ұзақмерзімді даму басымдығын айқындайды және газ саласының алдына күрделі міндеттер қояды деп атап өтті. Жолдауда бірінші басымдық ретінде айқындалған экономиканың технологиялық жаңғыртылуы бағыты бойынша ҚазТрансГаз компаниялар тобы газ инфрақұрылымы объектілерін салу кезінде IT-саланы қоса алғанда, ең озық технологияларды қолдануды басшылыққа алады. 

«Газ инфрақұрылымын жабдықтау барысында ең озық технологияларды қолдану арқылы біздер еңбек өнімділігін едәуір артыруға қол жеткіздік. Оған дәлел, бірнеше жылдан бері газ құбырлары мен компрессорлық станцияларды тексерістен өткізу ісін роботтардың көмегімен жүзеге асырып келеміз» деді, «Республикалық газ саласы ардагерлерінің Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Павел Климов.

Ұжым алдында газ саласының ардагері Сұлтанғали Имажанов сөз алды: «Газдың да, біздің атқарып жатқан жұмысымыздың да орасан зор әлеуметтік маңызға ие, ал елімізде жүргізіліп жатқан газдандыру шаралары мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығын көрсетеді. Осы күні Қазақстан халқының жартысы көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп отыр! Елдің оңтүстік өңірлері біздің өз газымызбен, батыс өңірлерінің газымен жабдықталып отыр. Тұңғыш рет «Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық станциясы салынды, ол Қытайға отандық газды экспорттауға жол ашты. Экспорттық және көліктік мүмкіндіктер кеңейтілді. Осыдан 25 жыл бұрын, Қазақстан енді ғана тәуелсіздік алған жылдары, біз жұмысымыз осындай нәтижелер береді-ау деп те армандай алмайтынбыз».

Талқылау барысында газ мамандары Ұлттық газ операторының алдында күрделі міндеттер тұрғандығы туралы сөз қозғады. Өйткені өз Жолдауында Н. Назарбаев «мұнай-газ кешені өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс» деп атап өтті.

«ҚазТрансГаз» АҚ осы бағытта ауқымды жұмыс атқарды, мысалы осы жылы Ресейдің Газпром компаниясымен қазақстандық газды жеткізудің рекордтық көлемдері туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ осы жылы компания Қытайдың рыногіне шығуды жоспарлап отыр. Шикізаттық базаны кеңейтуге келсек, осы жылы Амангелді кен орындары тобының Айрақты кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

Жиынға өңірлердегі филиалдар да тікелей қосылып, талқылауға етене араласып отырды. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Тараз филиалынан сөз алған жас маман Айдана Ещанова, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуға қатысты Президенттің жолдауынан бірінші басымдықты ерекше атап өтті. «Газ саласындағы технологиялық процестің автоматтануына тікелей жауап беретін маман ретінде айтар болсам, «ҚазТрансГаз» АҚ бүгінгі күні ең жаңа жабдықтарды қолданады, бүкіл технологиялық процес жетілдірілген, - деп атап өтті. «Мысалы, мен қызмет ететін «Ақыртөбе» станциясы осыған айқын дәлел бола алады. Бұл жерде ең жана General Electric компаниясының 6-ы сатылы Термодин компрессоры орнатылған, ол газды сығымдау процесін бірнеше есеге қысқартты және бүкіл процесті тікелей моноторингтеу мақсатында станцияда автоматты басқару және бақылаудың ең жаңа жүйесі орнатылған. Жас мамандар қатары толығуда. Біздің компания бар өңірлерде жұмысқа жастарды тартып, оқытуда және оларға жағдай жасалуда. Бұл – үлкен мүмкіндік!, - деп, өз ойымен бөлісті. 

Президент атап өткендей, «2050 – Стратегиясының» өзектілігі барған сайын арта түсуде, ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында жүзеге асырылмақ. Осы құжаттың негізінде «ҚазТрансГаз» АҚ былтырғы жылы «Газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» стратегиялық жоспарын әзірледі. Отырыста аталып өткендей, осы құжаттағы барлық міндеттер негізінен толықтай орындалды.

Талқылау кезінде адами капитал сапасын жақсарту, инновациялық әлеуетті арттыру туралы Жолдаудың төртінші басымдығы туралы да сөз болды. «ҚазТрансГаз» АҚ-нда осы мәселеге баса назар аударылады. Бүгінгі күні өңірлерде, газ операторы бар жерлерде, жергілікті халық арасынан шыққан жастарды оқыту және жұмыспен қамту процесі жүріп жатыр.

"ҚазТрансГаз" АҚ Баспасөз қызметі 

Тел: +7(7172)55 23 16