«Ардагерлерді құттықтайық» жыл сайынғы акциясының басты және жалғыз мақсаты – Ұлы Отан соғысының батырларын ерліктері үшін, Жеңіс үшін, Отанымыздағы бейбіт ашық аспан үшін шын жүректен құттықтау болып табылады.
«ҚазТрансГаз» АҚ бас кеңсесі осы жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері - Тұрысбек Садықовты, Иван Ботевті, тыл еңбеккерлері - Мақжан Жетпісовты, Раушан Әбілқасымованы және Бағытжан Кусниевті құттықтады.
Газшылар ардагерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтады, оларға ауыр соғыс жылдары көрсеткен ерліктері, қайсарлықтары үшін алғыс білдірді, гүлдер мен сыйлықтар және материалдық көмек берді.
9 мамырда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жеті өндірістік филиалының қызметкерлері 53 ардагер мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Олардың барлығына сыйлықтар себеттері мен гүл шоқтары тапсырылды, материалдық көмек көрсетілді.
«Азиялық Газ құбыры» ЖШС ұжымы атақты "Катюша" М-13-ке оқ салушы болған, Будапешт пен Венаны босатуға қатысқан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған ардагер Жаңбыр Керімқұловты; Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы, қорытынды кезеңінде Алыс Шығыста соғысқан, соғыстарға қатысқаны үшін 2-ші дәрежелі Ұлы отан соғысы Орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Әскери жетістіктері үшін» медальдарымен марапатталған ардагер Ивана Ролдугинді құттықтады.
«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС соғыс жылдарын госпитальда өткізген ардагер - Архипова Анастасияны; еңбек майданына қатысушы, АЗТМ тылында жұмыс атқарған Тынысбекова Алиманы; отбасылық жұпты, Мәскеу маңындағы Курскте соғысқан Нұрдәулетов Каланды және еңбек майданының қатысушысы Нұрдәулетова Бибісараны; ардагер - жаяу әскер қатарында болған, Варшава мен Берлинді алғаны үшін наградалары бар Виктор Рябовты құттықтады.
«Амангелді Газ» ЖШС ұжымы Ұлы Жеңіс күнімен Жамбыл облысы Талас ауданында тұратын ардагерлер Жұмахмет Дүйсенбайды және Райымқұлов Юнусты құттықтады. Оларға материалдық көмек пен мерекелік жинақтарды тапсырды.
Жеңіс күні - майданда және тылда жауынгерлер көрсете білген отансүйгіштік, әскери борыш, жаппай ерлік таныту және жанкештілік қасиеттердің белгісі. Біз өз өмірін қиып, ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған адамдар алдында мәңгілік қарыздар екендігімізді ұмытпаймыз.