Алдағы 2022-2023 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық шеңберінде, «Шымкент-4» газ тарату станциясында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ» филиалы ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Бекітілген кестеге сәйкес «Шымкент-4» ГТС-те жөндеу жұмыстары 8-12 тамыз аралығына жоспарланған болатын. Алайда, табиғи газбен жұмыс істейтін қаланың ірі өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарының көптеген өтініштері бойынша, «Интергаз Орталық Азия» АҚ ірі мегаполис тұрғындарының, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық шеңберіндегі іскерлік серіктестердің мүдделерін ескере отырып, олардың өтініштерін қанағаттандырды және жөндеу жұмыстарын неғұрлым кешірек мерзімге, ағымдағы жылғы 26-31 тамызға ауыстырды.
«Шымкент-4» ГТС-те ағымдағы жылы орындалған жөндеу жұмыстары ерекше сипатқа ие болды, өйткені осы станцияда пайдаланудың барлық кезеңінде ірі ауқымды және технологиялық күрделі жұмыстар жүргізілген жоқ. Бұл жұмыстардың күрделілігі бекіту-реттеу арматурасы мен фасонды бұйымдарды көптеген ауыстырумен байланысты болды, олар дайындаушы зауыт регламенттеген өзінің пайдалану мерзімін толық өтеді.
Тоқтаусыз жұмыс пен жөндеу бригадаларының жоғары біліктілігінің арқасында, жұмыстар нақты жоспарланған мерзімде аяқталды.
«Шымкент» ГТС Шымкентті жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін қаланың стратегиялық маңызды объектісін - ЖЭО-3-ті табиғи газбен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, «Шымкент-4» ГТС-та Толеби және Сайрам аудандары тұрғындарының қолайлы өмір сүру жағдайлары, сондай-ақ Шымкент мегаполисінің тұрғындарын тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлікті отынмен қамтамасыз ететін ірі өнеркәсіптік объектілердің үздіксіз жұмысына тәуелді басқа да желілер бар.
Газбен жабдықтау объектілеріндегі жоспарлы-алдын алу жұмыстары Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесін қауіпсіз және тоқтаусыз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жүргізіледі.