Марат Ещанов «GPC Investment» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» Магистралдық газ құбырлары Басқармасы» филиалының басшысы қызметін атқарған.
Марат Ещанов – Қазан химия-технологиялық институтын «Химия өндірісі мен құрылыс материалдары кәсіпорындарының аппараты және машиналары» мамандығы бойынша бітірген. Мұнай-газ секторындағы жалпы жұмыс өтілі 41 жыл, оның 26 жылы QazaqGaz компаниялар тобында.
2022 жылдан бастап Марат Ещанов инвестициялық жобаларды жобалау және салу жұмыстарын басқарып, ұйымдастырып және қадағалап келеді. Олардың қатарында «Қашаған» газ өңдеу блогынан «Мақат-Солтүстік Кавказ» газ құбырына дейін күшейткіш компрессорлық станциясы бар магистральдық газ құбырының құрылысы, сондай-ақ «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралдық газ құбырының лупинг құрылысы бар.