«Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен марапаттау еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болып өтті. Лайықты награданы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстан Республикасы газ тасымалдау жүйесінің ұлттық операторы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру – компанияның жұмысындағы ажырамас бөлігі, және оның қорытындысы бойынша жыл сайын экологияға жағымсыз әсерлер азайтылуда.

Соңғы бірнеше жыл ішінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ атмосфераға түсетін ластаушы заттардың және парниктік газдардың шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асырды.

Компания Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да қоршаған ортаның интеграцияланған менеджмент жүйесі жұмыс істейді, ИСО 14001 (МС ISO 14001:2004) халықаралық стандарттары енгізілген. Елдің газ тасымалдау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарының бірі «Оларды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру» болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газды және оның өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. 

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі. 

Тел: +7(7172) 55 23 16