Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, жазатайым жағдайларын, өндірістік факторлардың жұмыскердің өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін болдырмау ИОА-ның басты тұжырымы болып табылады.

Форум қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың ағымдағы жай-күйін бағалау және қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жоспарларын талқылау үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогымен ұйымдастырылған.

 Форумның жұмысына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары – Директорлар кеңесінің төрағасы Фрэнк Куйлаарс, Басқармасы төрағасы Сауат Мыңбаев, Директорлар кеңесінің мүшелері еншілес және тәуелді ұйымдардың бас директорлары қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Директорлар кеңесі төрағасы Фрэнк Куйлаарс форумға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Ол компанияның IPO-ға шығуға дайындалуына байланысты қазіргі кезде кез келген компанияның акциясы батыстық инвесторлармен тек қаржылық көрсеткіштермен ғана емес, сондай-ақ FAR (өліммен аяқталған оқиғалар коэффициенті) көрсеткіштері және LTIR (жарақаттану коэффициенті) 

бойынша да бағаланады - деп атап өтті.

Жеңімпаздар қауіпсіздік және еңбек қорғау (FAR, LTIR, MVCR), қызметкерлер саны, еңбек қорғау қызметкерлерінің компания қызметкерлерінің жалпы санына қатысы сияқты көрсеткіштерді бағалаудан барып анықталды. Сондай-ақ корпоративтік стандарттар мен бастамалар енгізу, еңбек қорғау саласында нартәуекелді басқару бойынша жұмыс, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану ескерілді.

 "ҚазТрансГаз" АҚ Баспасөз қызметі Тел: +7(7172)-55 23 16