Азаматтық Қазақстан Республикасы
Білімі

Ол 1999 жылы Атырау Мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кәсіпшіліктерінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша «Инженер-механик» біліктілігін алып шықты;

2004 жылы сол институтта магистратура және аспирантура бөлімдерінде білім алып,  «Технологиялық машиналар және жабдықтар» бағыты бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алды;

2022 жылы Назарбаев Университетінде «Executive Master of Business Administration» бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін қорғады. 

Еңбек өтілі

Еңбек жолын «Прикаспийбурнефть – Қазақстан» ЖШС инженері қызметінен бастаған;

2001-2006 жылдар аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ филиалында қарапайым машинистен бастап жетекші инженерге дейінгі қызметтерді атқарды;

2006-2017 жылдар аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ Магистральдық газ құбырларын, компрессорлық станцияларды және жерасты газ қоймаларын пайдалану департаментінің бас менеджері, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында болды; 

2017 жылдан 2025 жылдың желтоқсанына дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары қызметін атқарды;

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары.