«Энергетикалық қауіпсіздік, жаңа энергия көздеріне көшу және энергияның тұтынушыларға баға тұрғысынан да қолжетімді болуы – кез келген елдің энергетикалық бағдарламасында ескерілуі тиіс үш фактор», – деді ұлттық компания басшысы.
Сондай-ақ, ол Қазақстан әлемдегі және Еуропадағы энергетикалық дағдарыстан қандай сабақ алып жатқандығын айтты. Бұдан басқа, QazaqGaz қазірдің өзінде 2023-2024 жылдың жылыту маусымы жайлы өтуі үшін өзгерістерге бейімделіп жатыр.
Оның айтуынша, Қазақстан Үкіметінің қолдауымен газ саласында бұрын-соңды болмаған реформалар еліміздің инвестициялық әлеуетін жүзеге асыруға көмектесуде. Оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардан газ сатып алудың жаңа формуласы, тұтынушылардың жаңа санаттары, көмірсутектерді өндіру бойынша жетілдірілген үлгілік келісім-шарт та бар.
Сонымен қатар, Санжар Жаркешов 2025 жылға жоспарланған IPO аясында жақын арада роудшоу ұйымдастырылатынын да атап өтті.
«IPOға дайындалып жатқан ұлттық компания ретінде біз ESGға аса көңіл бөліп отырмыз», - деді Санжар Жаркешов.