Ұлан Бүркітов «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды. Ұлан Отарәліұлы Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ түлегі. Болашақ бағдарламасы бойынша мұнай инженериясы ғылымдарының магистрі атағын Imperial College London иеленген.
Мұнай және газ кен орындарын дамыту, активтерді және капиталды жобаларды басқару және цифрлық трансформация саласында 20-жылдық халықаралық тәжірибесі бар.
Еңбек жолын Қожасай кен орнында өндіру операторы ретінде бастаған.
Kuwait Energy Company (Кувейт), Statoil (Норвегия) және Shell компанияларында жұмыс істеген. Норвегиялық теңіз, Мысыр, Йемен және ТМД елдерінде жүзеге асырылған жобаларға қатысты. Соңғы 12 жылда Shell компаниясында түрлі қызметте жұмыс істеді. Атап айтсақ, Гронинген мен газды жерасты сақтау жобаларында (Нидерланды), Қарашығанақ және Қашаған белсенді қызмет атқарды.
Өзінің жаңа қызметінде Ұлан Отарәліұлы геологиялық барлау және тауарлық газ ресурсын артыру, капиталды жобалар мен цифрландыру салсына жауапты болады.
Айта кетейік, жақында QazaqGaz құрылымында өзгерістер орын алып, Басқарманың екі мүшесінің позициясы қысқартылған болатын. Аталған қайта құрылымдау ұлттық компанияның тиімділігін арттыру аясында, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасалынды.