"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының 2026 жылғы 6 тамыздағы шешімімен "QazaqGaz "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Елжас Отыншиевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы және "Самұрық-Қазына" өкілі болып Жандос Қайыргелді сайланды. Оның Корпоративтік қаржы, стратегиялық және қаржылық жоспарлау, инвестициялық жобаларды басқару, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару саласында 10 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.
Корпоративтік қаржы, стратегиялық және қаржылық жоспарлау, инвестициялық жобаларды басқару, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару салаларында 10 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «KPI Inc.» ЖШС, «KLPE» ЖШС және «Силлено» ЖШС ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқарып, экономика және қаржы, тәуекелдерді басқару, инвестициялық жобаларды қаржылық сүйемелдеу, сондай-ақ операциялық қызметті басқару бағыттарына жетекшілік етті.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.