"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов алдағы күзгі-қысқы кезеңге компаниялар тобының объектілерін дайындау бойынша Шымкентте кеңес өткізді. Кездесу барысында ол еншілес ұйымдардың басшыларын тыңдап, инфрақұрылымның жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын тексерді.

Нысандарды дайындау өткен жылыту маусымы аяқталғаннан кейін, сәуір айында басталды. Бүгінгі таңда QazaqGaz компаниялар тобы бойынша жоспарды орындаудың жалпы деңгейі 91% құрайды. 

Кеңесте магистральдық газ құбырларының жай-күйіне және күрделі жөндеуге ерекше назар аударылды. "Орта Азия-Орталық" магистральдық газ құбырлары жүйесі бойынша жылдық күрделі жөндеу жоспары 4 047 ақауды жоюды көздеді. Іс жүзінде 4 230 ақау немесе жоспардың 104% құрайды. Жұмысты тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, қысқы кезеңге қажетті резервтерді қалыптастыру үшін жерасты қоймаларына газ айдау жалғасуда. Газ тарату желілерінде ГТП, МГТП және электрохимиялық қорғау құралдарын жөндеу жалғасуда. Газдың әлсіз қысымының себептерін жою, сондай-ақ авариялар мен инциденттер санын азайту жөніндегі іс-шаралар қосымша іске асырылуда.

Кеңес қорытындысы бойынша Әлібек Жамауов барлық іс-шаралардың орындалуына және анықталған тәуекелдердің уақтылы жойылуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.