"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Shandong Steel Capital Holding және Guoyuan Group басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздерге Shandong Steel тобының құрамына кіретін Shandong Steel Capital Holding (Shenzhen) директорлар кеңесінің мүшесі және бас директоры Цзяо Лихай, сондай-ақ Guoyuan Group директорлар кеңесінің төрағасы Цянь Фэнцзин қатысты.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанның газ саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады. Тараптар серіктестіктің ықтимал форматтары және бірлескен жобаларды дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келіссөздерді жалғастыруға және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.
Shandong Steel Group-жылдық өндіріс көлемі 20 миллион тоннадан асатын және әлемдік рейтингте 17-ші орында тұрған Қытайдың металлургия саласындағы жетекші кәсіпорындарының бірі.
China Guoyuan Group көмірсутектерді барлау мен өндіруге маманданған компания. Венесуэлада, Біріккен Араб Әмірліктері және Қырғызстанда жобаларды жүзеге асырады.