"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов "Самұрық-Қазына" жазғы спартакиадасының жүлдегерлерімен кездесті.
Биылғы жылы жарысқа QazaqGaz-дан 80-нан астам адам қатысты. Спартакиада қорытындысы бойынша компанияның 30-дан астам қызметкері түрлі спорттық дисциплина бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Армрестлинг бойынша 80 келіден астам салмақта өнер көрсеткен Әділет Олжабектің жеңісі жарыстағы жарқын кезеңдердің бірі болды. Волейбол командалары да жоғары нәтиже көрсетті: QazaqGaz ерлер құрамасы екінші, әйелдер құрамасы үшінші орынды иеленді.
Дәстүрлі түрде компания өкілдері жүзуде сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Шахматшылар да жоғары өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді.
Кездесуде Әлібек Жамауов жүлдегерлерді табысты өнер көрсетулерімен құттықтап, командалық рухтың дамуына қосқан үлестерін атап өтті. Басқарма төрағасы спортшыларға жарқын жеңіс, жоғары нәтиже және кәсіби қызметте табыс тіледі.