"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) төрағасы Чжан Чуаньцзянмен кездесу өткізді.
Тараптар геологиялық барлау жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, инвестициялар тарту және Қазақстан Республикасының газының ресурстық базасын кеңейту үшін заманауи технологияларды қолдануды қоса алғанда, газ саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша QazaqGaz және CNOOC компаниялар арасындағы одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындайтын ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
CNOOC – геологиялық барлау, көмірсутектерді әзірлеу және өндіру саласында айтарлықтай тәжірибесі бар және 20-дан астам елде жобаларды жүзеге асыратын әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі.