"QazaqGaz" ҰК" АҚ бас кеңсесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырған оқыту іс-шарасы өтті. Оқыту сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдептілік мәдениетін дамыту және комплаенс жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында өтті.
Іс-шараға қоғам қызметкерлері қатысты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың, әдептілік мәдениетін дамытудың және комплаенс-тетіктердің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін талқылады.