Жылдың басынан бері Шымкент қаласында газдың шығуымен байланысты 8 ТЖ болды, 10 адам қаза тапты. Түркістан облысының Сайрам ауданында уытты газбен 17 жастағы қыз уалынып қайтыс болды. Қайғылы жағдай 23 қарашада Ақбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде болды. Тергеу, газ аспаптарын монтаждау барысында өрескел бұзушылықтарға жол берілгендігін көрсетті, жуынатын бөлмеде ағынды су ысытқыш орнатылған, ал түтіндікте тартқыш болмаған.
Таразда және облыста күздің алқашқы суығы көптеген жазатайым жағдайларға себеп болды және оның барлығы да үй ішіндегі газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларының бұзылғандығынан. 24 қарашада үйлердің біреуінде газ жабдығын өздігінен қосу салдарынан жарылыс болды. Абырой болғанда, ешкім қаза болмады, бірақта бұл – таза кездейсоқ сәттілік жағдай. Облыста тағы бір жағдай Плодовоягодный кентінде болды – алты адамнан тұратын отбасы уытты газдан уланды, оның екуі қайтыс болды, қалғандарын құтқару мүмкін болды. Жалпы осы күзде, Жамбыл облысында 54 адам уытты газбен уланды, олардың бесеуі қайтыс болды.
22 қарашада Маңғыстау облысының Дәулет ауылында екі адам, оның ішінде 14 жастағы жасөспірім уытты газбен уланды. Анықталғандай, от жағатын жерде газ қазандығында тартқыш болмаған, ал желдеткіш арна бөгде затпен жабық тұрған.
Күнтізбе бойынша қыс келіп болмады, ал оқиғалардың «қара тізімі» әлден өсуде. Келтірілген мысалдар ресми тіркелген оқиғалар екендігін ескеру қажет. Бұл ретте, жеңіл уытты газбен уланған адамдар үйлерінде емделеді және жиі басының ауырғанына, селқостыққа, жылдам шаршауға, жүректің айнуына, бастың айналуына көңіл аудармайды. Ал бұл уланудың ең анық белгілері, бұл үй нашар желдетіледі, түтіндік пеште тартқыш жеткіліксіз екендігін білдіреді және кез келген сәтте бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Мамандардың рұқсатынсыз, қосымша газ аспаптарын орнатқандардың көбісі қатты өкініп қалды. Бұл жерде газбен жабдықтау ұйымының кеңсесіне келіп, өтініш беру ғана талап етілетін қиын емес шаруа екендігін ұмытпау керек. Содан соң газ жеткізуші газбен жабдықтау жабдығын орнатуға техникалық талапты дайындайды. Содан кейін барып, қолда бар осы құжатпен жобаны әзірлеумен айналысатын компанияны таңдау керек. Сондықтанда тексерілген компанияларға артықшылық беріңіздер, әрі осы мамандар ертеңгі күні сіздің пәтеріңізге немесе үйіңізге газ аспабын орнататын болады.
Әдетте қайғылы жағдай газ аспаптарын – жылыту қазандықтарын, жиі – ағынды газбен су ысытқыштарды немесе оларды басқаша кейде атағанда газ колонкаларын бұлар үшін ыңғайлы етіп жасалмаған үй-жайларға орнатқандықтан үйлерде болып жатады. Әсіресе бұл ағынды газды ысытқыштар тыйым салынған жуынатын бөлмелерге орнатқанда қауіпті.
Студия-пәтерлерде газ жабдығын орнатуға жарамсыз, себебі аспаптар тұрғын емес үй-жайларда орнатылады. Газ жабдығының және желдеткіштің дұрыс еместігі үшін тұрғын үй иесі жауапты болатындығын есте сақтау қажет.
Жылыту маусымы алдында және күн сайын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ барлық филиалдарының мамандары қалалық әкімдік, ТЖ департаменті өкілдерімен бірлесіп «Газды, тұрмыста қауіпсіз қолдану» рейдін жүргізеді. Қауіпсіздік жөнінде 100 мыңдай парақшалар таратылды, 20 мыңға жуық тұрғын үй секторын аралап шықты.
Тұрмыста тауарлық газды пайдалану қағидаларын бұзушылықтардың мынадай сипаттамалары бар:
- Газ плитасы үстелінің деформациялануы;
- Газ аспаптарының жанғыштарының деформациясы (қызып кетуден);
- Қауіпсіздік автоматикасының болмауы немесе жұмыс істемейтін жай-күйі;
- Пісіру пешінің есігі мықтап жабылмайды;
- Жылыту қазандығы орнықсыз үстіңгі бетке орнатылған;
- Газ жабдығы орнатылған үй-жай стандарттарға сәйкес емес (текше метр аз);
- Газ плитасын мақсатқа сай емес пайдалану (үй-жайды жылыту немесе киім-кешек кептіру үшін).
Тұрмыста тауарлық газды пайдалану қағидаларын өрескел бұзушылықтар:
- Газ желілеріне өздігінен қосылу (техникалық құжаттаманың және пайдалануға енгізу актісінің болмауы);
- Газ аспаптарын өздігінен қосу үшін қолда бар құралдарды пайдалану (оттегі шлангысы, фитингтердің (үштіктердің, бұрыштықтардың) көмегімен резьбалық жалғастыруларға әртүрлі диаметрдегі болат құбырлар);
- Сертификатталмаған газ жабдығын пайдалану (иранда өндірілген камин);
- Желдеткіш каналдың болмауы;
- Түтіндіктерді орнатудағы бұзушылықтар (құбыр-бүкпесінің бір жағы шатыр үстіне шығарылмаған, оқшаулаудың болмауы);
- Газ жабдығы орнатылған жерлерде газданудан дабыл бергіштердің болмауы.
Қымбатты, табиғи газды тұтынушылар! Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтаңыздар, бұл қағидалар талай адамның өмірін сақтап қалары сөзсіз! Өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!
КЕҢЕС: Газ тұтыну жабдығын орнатқан кезде газ беруді ажырататын автоматикасы бар табиғи және уытты газды реттейтін дабыл бергіштерді орнатыңыздар.