Азаматтық Қазақстан Республикасы
Еңбек өтілі

Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институтын (КИМЭП) "Қаржы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Атырау Мұнай және газ институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Deloitte, "Қаражанбасмұнай" АҚ, "Теңіз Сервис" ЖШС сияқты жетекші халықаралық және қазақстандық компанияларда қызмет атқарған. QazaqGaz-ға тағайындалғанға дейін "ҚМГ Қарашығанақ" ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Корпоративтік қаржы, жобаларды басқару және мұнай-газ кәсіпорындарын стратегиялық дамыту саласында терең білімі бар.

2025 жылғы қазаннан бастап бүгінге дейін «QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады