«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов компания қызметкерлерін Мұнай және газ қызметкерлерінің күні қарсаңында кәсіби жетістіктері мен газ саласын дамытуға қосқан үлестері үшін марапаттады.

Салтанатты шара барысында QazaqGaz-дың 17 қызметкері II-дәрежелі «Газ саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, газ саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін компания қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.