"ҚазМұнайГаз" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ және "Интергаз Орталық Азия" АҚ бойынша болжам "позитивті"-ден «тұрақтыға» өзгертілді. Агенттікте түсіндірілгендей, аталған рейтингтік әрекеттер Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 11 тамыздағы тәуелсіз рейтингінің өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Сол кезде Moody's Қазақстан Үкіметінің ұлттық және шетел валютасындағы эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингін "Baa3"-тен "Baa2"-ге дейін көтерді, ал болжам "позитивті"-ден "тұрақтыға" өзгертілді.
"ҚазТрансГаз"АҚ және "Интергаз Орталық Азия" АҚ рейтингтерінің тұрақты болжамы рейтингтік агенттіктің компаниялардың операциялық және қаржылық көрсеткіштерін, кредит қабілеттілігінің көрсеткіштерін, нарықтағы жағдайды және өтімділікті қоса алғанда, нақты кредиттік факторлары тұрақты болып қалатыны және қаржылық дағдарыс жағдайында төтенше мемлекеттік қолдау ықтималдығы төмендемейтіні туралы пікірін көрсетеді.
Moody's бағалауына сәйкес Қазақстанның егеменді рейтингінің артуы елдің егеменді балансы мен кредиттік бейіні "Baa2" деңгейіндегі салыстырмалы рейтингтерге сәйкес келетін орнықтылықты көрсетуімен байланысты. Бұл орнықтылық сыртқы тұрақтылыққа ықпал ететін елдің әл-ауқаты активтерінің мөлшері мен тиімді пайдаланылуымен нығайтылады.
2020 жылы Standard&Poor's, Fitch Ratings және Moody's халықаралық рейтингтік агенттіктері ҚТГ-ның ұзақ мерзімді корпоративтік рейтингін "ВВ", "BBB -" және "Baa3" деңгейінде растады, тиісінше, рейтинг бойынша болжам "тұрақты".
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
тел: +7(7172) 55 23 16