Газ құбырларының жалпы ұзындығы 101 км құрайды, олардың жұмысын жаңадан салынған тиісті газ инфрақұрылымы қамтамасыз етеді. Барлығы 1626 абонентті газдандыру жоспарлануда, оның ішінде Интернациональный тұрғын алабында – 1182, Мичурино – 226, Күйгенжар тұрғын алабында – 236 абонент.
Интернациональный тұрғын алабының алғашқы тұтынушыларына газды қосудың салтанатты рәсіміне Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры Дәулет Арықбаев қатысты.
Дәулет Арықбаевтың айтуынша, елорданың алғашқы абоненттері өткен жылдың ортасында алғаш газға қосылған, ал жақында олардың саны 1500 абоненттен асты.
«Бүгін біз Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алаптарына көгілдір отын бере бастаймыз. Газ, ең алдымен, тұрмыста қолдануға ыңғайлы отын, екіншіден, экологиялық ахуалға оң әсер етеді. Табиғи газды алғаш тұтынуда ескеретін бір жәйт, ол газ тұтыну кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Осыны естен шығаруға болмайтынын ескертеміз!»,- деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының директоры.
Қазір Нұр-Сұлтанда болашақ абоненттерден тұрғын үйлерді газдандыру үшін техникалық шарттар алуға өтініштер қабылдау белсенді жүргізілуде. Бүгінгі күні қала бойынша 4 600-ден астам техникалық шарт беріліп, 20 мыңнан астам адамға кеңес берілді.
Бұған дейін Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында жаңа салынған газ тарату желілеріне сенімгерлік басқару шарты жасалды. Бүгінгі таңда газды іске қосудың төрт кешені пайдалануға берілді. Қалаішілік газ тарату желілерін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет есебінен салуда. Қазіргі уақытта 650 шақырымнан астам газ желілерінің құрылысы аяқтаған.
Нұр-Сұлтан қаласында 22 мың жеке тұрғын үйді, 192-ге жуық жеке қазандықты, 48 шағын коммуналдық қазандықты, 2-ЖЭО-ны газға көшіру жоспарлануда. Бұдан басқа, тұтынушылардың орталық жылу жүйесіне қосылмаған коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік объектілері газдандырылатын болады.
«ҚазТрансГаз» АҚ ҰК баспасөз қызметі Тел: +7(7172) 55 23 16