«QazaqGaz» ҰК» АҚ жақында төмен көміртекті даму бағдарламасын бекітті. Құжатта компанияның 2033 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 10%-ға азайтуы және 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа жету жөніндегі стратегиялары мен міндеттері анықталады.
Бұл бағдарламаның іске асырылуы QazaqGaz-дың ESG саясатының негізгі элементі болып табылады. Сонымен қатар, компанияның экологиялық тұрақты әрі әлеуметтік жауапты бизнес құру амбициясын байқатады.
Семинар халықаралық консалтингтік компания - KPMG-дің ықпал етуімен ұйымдастырылды. Компания төмен көміртекті саясатқа көшу стратегиясын әзірлеу мен ESG көрсеткіштерін басқару бойынша әлемдік озық тәжірибелер мен құралдарды ұсынды.
Семинардың мақсаты — бағдарламада қарастырылған іс-шаралар кешенін енгізудің ерекшеліктерін ашу.
Іс-шара барысында декарбонизацияның жаһандық және ұлттық трендтері, компанияның көміртегі профилін қалыптастыру принциптері, өнімнің көміртек шығымдылығын есептеу әдістері және шығарындыларды азайту үшін мүмкін болатын шаралар қарастырылды.
Айрықша назар практикалық мысалдарға аударылды: қатысушылар нақты деректермен жұмыс жасады, төмен көміртекті даму сценарийлерін моделдеді және еншілес ұйымдарда шығарындыларды төмендету бойынша шаралардың тиімділігін бағалады.
Семинар QazaqGaz компаниясының шығарындыларды басқару және парниктік газдарды қысқарту бойынша корпоративтік мақсаттарын іске асыруда маңызды қадам болды.
Қатысушылар бағдарламаның практикалық тиімділігін атап өтіп, алынған білімді өз бөлімшелерінде көміртегі ізін төмендету үшін әзірленетін іс-шараларды іске асыруға қолданатындықтарын айтты.
QazaqGaz компаниясы экология және тұрақты даму саласындағы стратегиялық бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету мақсаттарын қолдауға өз үлесін қосуда.