Құрметті студенттер!

"QazaqGaz "ҰК" АҚ-ның басым бағыттарының бірі қоғамның әлеуметтік дамуына, атап айтқанда, газ саласының білікті кадрларын даярлауға қатысу болып табылады .

Қ.И . Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қ.Тұрысова атындағы Геология және мұнай-газ институтының, сондай-ақ, ҚБТУ энергетика және мұнай-газ индустриясы мектептері, «QazaqGaz» ҰК» АҚ атаулы стипендия алуға онлайн өтінімдерді қабылдау туралы хабарлауға қуанышты.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Негізгі критерийлер: 

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.

2. Орташа GPA ≥ 3,0 балл.

3. Мотивациялық бейне / хат мына тақырып бойынша: «– «QazaqGaz»ҰК» АҚ – Менің таңдауым».

4. Қандай да бір ұйым (кейде жеке тұлға) бөлген өзге де стипендиялардың болмауы.


Қосымша критерийлер: 

* халықаралық, республикалық, өңіраралық, облыстық, аудандық, қалалық ғылыми конференциялардың, семинарлардың, олимпиадалардың, симпозиумдардың жүлдегерлері.

* спорттық және шығармашылық жарыстардың жүлдегерлері.

* ғылыми жарияланымдардың болуы

* «Алтын белгі» төсбелгісінің, Үздік аттестаттың болуы;

* отбасының әлеуметтік жағдайы туралы растайтын құжаттардың болуы (аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылар, жетімдер, мүгедектер).


Шәкіртақы конкурсына қатысу үшін онлайн өтінімдерді беру мерзімі 24.07.2023 ж. бастап 06.08.2023 ж. дейін. 


Өтініш беру үшін қажет: 

1) стипендия беруге үміткердің өтінімін қоса берілген нысанға сәйкес толтыруға міндетті.

2) сканерге жеке куәліктің көшірмесін ұсынуға міндетті.

3) үлгерім транскриптінің сканерленген көшірмесін ұсыну.

4)үміткердің жетістіктерін растайтын құжаттардың (дипломдар, грамоталар, сертификаттар) көшірмелерін сканерлеп ұсынуға міндетті

5) " Мотивациялық бейне / хат мына тақырып бойынша: «– «QazaqGaz»ҰК» АҚ – Менің таңдауым».

Құжаттар пакетін көлемі 10 мб-тан аспайтын бір мұрағатталған файлмен электрондық мекенжайға ұсыну: scholarship@qg.kz


Толық ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

телефон: +7(7172) 92-78-25; 92-71-58

жұмыс күндері сағат 18.30-ға дейін.


Қосымша 1

stipendiia-tagaiyndauga-umitkerdin-otinimi.docx