«ҚазТрансГаз» АҚ Заң департаментінің директоры Борисов Владимир Михайлович көпжылғы, жемісті және мінсіз еңбегі, сот-құқық жүйесін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталды.

Сондай-ақ, В.М. Борисовқа судья қоғамдастығы алдындағы ерекше сіңірген еңбегі үшін, сот төрелігін нығайтуға ықпал ететін судья қоғамдастығындағы белсенді қоғамдық жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» Құрмет белгісі берілді.

«ҚазТрансГаз» АҚ басшылығы мен ұжымы Владимир Михайловичті лайықты наградасымен құттықтайды және оған зор денсаулық, отбасының амандығын және еңбек қызметінде жаңа жетістіктер тілейді!