Хатта «Орынбор-Новопсков» магистральдық газ құбырындағы ірі төтенше жағдайды жоюға белсенді атсалысқан компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс айтылған. БҚО-ның тұрғындарының атынан облыс басшысы Нұрлан Ноғаев газовиктердің жанкешті әрі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Хатын қорытындылай келе, одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық жасасуға сенім артатынын атап өтті.
2015 жылғы 2 ақпанда Батыс Қазақстан облысында «Орынбор-Новопсков» магистральдық газ құбырының 283 км учаскесінде жарылыс болды. "ҚазТрансГаз" АҚ мамандары жедел шаралар қабылдап, соның нәтижесінде бір тәуліктің ішінде магистральдық газ құбырының ұзындығы 50 метрден асатын бүлінген учаскесі толығымен ауыстырылды. "ҚазТрансГаз" АҚ қызметкерлерінің қажетті кешенді шараларды дер кезінде жүргізуінің арқасында аврия ауыздықталды.